Елорда • 17 Шілде, 2020

Алтай Көлгінов:  Азаматтарды қабылдау жүйелі шараларға мүмкіндік береді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтай Көлгінов:  Азаматтарды қабылдау жүйелі шараларға мүмкіндік береді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Алтай Көлгінов:  Азаматтарды қабылдау жүйелі шараларға мүмкіндік береді

Азаматтарды қабылдау жүйелі шараларға мүмкіндік береді – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау өткізді. Қала тұрғындары әлеуметтік баспана, медициналық көмек, жұмысқа орналасу, қосымша білім алу және т.б. сауалдарға жауап алды.

Нұр-Сұлтан әкімдігі азаматтарды қабылдау үшін электронды карталардың пилоттық жүйесін іске қосты. Жүйе тұрғындардың өтінімдерінің орындалу барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді.

Онлайн қабылдау барысында бір топ аналар жұмысқа орналасу және бизнес бастау бойынша өтінім білдірді. Елорда әкімі Алтай Көлгінов әкімдік әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға көмек беретінін айтты.

"Біздің міндетіміз – жұмысқа орналасу және қосымша білім алуға көмектесу. Жұмыс жасау керек. Бұл болашақта жеке бизнес ашуға және бірден бірнеше тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді", деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Мемлекет басшысының" Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында елорда әкімі биыл жеке қабылдауында 500-ден астам адамды қабылдады.

Өтініштердің бір бөлігі қабылдау кезінде шешімін тауып, қалғаны жұмысқа алынды.